Қытай телеарнасы еліміздің туристік орындары туралы деректі фильмді көрсетеді

Қазақстан жаңалықтары
02.07.2024
17:44
Қытай телеарнасы еліміздің туристік орындары туралы деректі фильмді көрсетеді
CCTV4 телеарнасында «Bond with China - For the Common Dream» үш бөлімнен тұратын деректі фильмінің премьерасы өтеді, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл деректі фильм Қазақстандағы туризм жылы аясында ҚР Туризм және спорт министрлігінің және «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының қолдауымен жасалды.

Түсірілімдер 2024 жылдың 28 сәуірі мен 6 мамыры аралығында Қазақстанның маңызды туристік орындарында, атап айтқанда, Алматы және Үлкен Алматы көлі, Шарын каньоны, Ақсу-Жабағылы қорығы, Түркістан және Астана қалаларында өтті.

«Bond with China - For the Common Dream» деректі фильмі Қазақстанның туристік мүмкіндіктерінің әсемдігі мен байлығын ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени алмасу мен тату көршілік қарым-қатынастардың нығаюының маңыздылығын да көрсетеді.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.