Қазақстандағы топ-20 басым туристік аймақ бекітілді

Қазақстан жаңалықтары
28.02.2024
11:45
Қазақстандағы топ-20 басым туристік аймақ бекітілді
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев жуырда туризмді дамыту саласындағы 2023 жылғы қызмет қорытындылары мен 2024 жылға арналған басым міндеттер туралы алқа отырысында Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басым аумақтардың тізімі 10-нан ТОП-20-ға дейін кеңейтілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстандағы ТОП-20 басым туристік аймақтың толық тізімі мынадай: Хан Ордасы (БҚО), Қарғалы су қоймасы (Ақтөбе обл.), Туристік кешен (Қостанай обл.), Щучье-Бурабайдағы «Ақбура» курорттық аймағы (Ақмола обл.), Имантау-Шалқар курорттық аймақтары (СҚО), Баянауыл (Павлодар обл.), Катон-Қарағай курорттық аймағы (ШҚО), Алакөл курорттық аймағы (Абай обл., Жетісу обл.), Түрген-Қаскелең тау кластері (Алматы қ., Алматы обл.), «Көксай resort» (Жамбыл обл.), Балқаш (Қарағанды обл.), Түркістан (Түркістан обл.), Байқоңыр ғарыш айлағы (Қызылорда обл.), Ұлытау ауылы (Ұлытау обл.), Жылы жағажай (Маңғыстау обл.), Сарайшық қалашығы (Атырау обл.), Шымкент – гастрономиялық туризм орталығы (Шымкент қ.) және Туристік аудан (Астана қ.).
 
Ішкі туризм ағынының серпінді өсуін ескере отырып, министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аталған туристік бағыттарда инфрақұрылымды дамыту бойынша жол карталарын әзірледі.
 
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.