Қазақстан мен Кипр арасында тікелей әуе рейстері ашылады

Қазақстан жаңалықтары
26.03.2024
10:30
Қазақстан мен Кипр арасында тікелей әуе рейстері ашылады
Қазақстан мен Кипр арасында тікелей әуе рейстері ашылады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.А. Нұртілеу Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбос мырзамен ресми кездесуі аясында 2024 жылғы 25 наурызда екі елдің авиациялық биліктері дайындаған әуе қатынасы мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.  

Өзара түсіністік туралы меморандум әр тараптың тағайындалған тасымалдаушылары аптасына 7 рейске дейін орындау құқығын көздейді. 

Сондай-ақ, әр тараптан тасымалдаушылардың бірнеше тағайындалуы қарастырылған.

Меморандумға сәйкес қазақстандық әуе компаниялары Кипр Республикасы аумағындағы – Ларнака және Пафос қалаларына, Кипр әуе компаниялары Қазақстан Республикасының аумағындағы - Астана және Алматы қалаларына тасымалдауды орындауға құқылы.

Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою екі ел арасындағы экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.