Kazakh Tourism қазақстандық гидтерге атаулы бейдждерді табыс етті

Қазақстан жаңалықтары
27.09.2024
20:35
Kazakh Tourism қазақстандық гидтерге атаулы бейдждерді табыс етті
Бүгінгі кәсіби мерекеде 24 гидқа атаулы бейдждер табысталды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Олар цифрлық тізілімге тіркеліп, кәсіби дағдыларын сәтті растады. 

Бейджерді табыстау рәсімі Дүниежүзілік туризм күніне арналған Kazakhstan Travel Forum бірінші салалық форумы аясында өтті. «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов қазақстандық гидтерді құттықтап, жұмыстың маңыздылығына назар аударды. 

«Гидтер - туристік индустрияның маңызды бөлігі. Сіздер елімізді туристерге таныстырасыздар және оның негізінде саяхатшыларда әсер қалыптасады. Сондықтан бұл тұрғыда кәсіби шеберлік өте маңызды рөл атқарады», - деді Қайрат Сәдуақасов


Бүгінгі таңда 50-ден астам гид кәсіби білім бойынша тестілеуден сәтті өтіп, атаулы бейдждерге иеленді. Оларға елдің бірқатар негізгі туристік нысандарына жеңілдікпен немесе тегін кіру мүмкіндігі ұсынылған. Бұл өз кезегінде гидтерге жұмыс процесін жеңілдетуге және қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. 

Айта кету керек, бейдждер гидтерге 2023 жылдан бастап беріледі. Оны алу үшін сандық тізілімде (https://guides.kazakhstan.travel/) тіркеліп, қажетті құжаттарды ұсыну және тестілеуден өту керек.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.