Қаңтар-сәуір айларында Алматыға келген шетелдік туристер саны артты

Қазақстан жаңалықтары
03.07.2024
14:30
Қаңтар-сәуір айларында Алматыға келген шетелдік туристер саны  артты
Алматыға келген шетелдік туристер саны артты, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Оңтүстік астанада шетелдік туристерді не қызықтырады? Алматыда туристердің қанағаттану индексі 9,8% өсіп, 76,61-ге жетті. Неліктен Алматы соншалықты танымал? Туристерді негізінен тау мен табиғат (43%), өнер (21%), белсенді өмір салты (17%) қызықтырған. 

Мұнда әрбір адам ұлттық тағамдардан бастап Азия мен Еуропаның гастрономиялық артықшылығына дейін өзіне керегін табады.
 
Алматыда қаңтардан сәуірге дейін билет брондау 53,1% артып, 69 мыңға жетті. Қалада болудың орташа ұзақтығы 4-7 күн, ал брондау бойынша Түркия (+32,5%), Оңтүстік Корея және БАӘ көш бастап тұр. Үндістер, қытайлар мен түріктер де билетті белсенді түрде іздейді. 
Билетті іздеу саяхатқа дейін 84 күн бұрын басталады.

Саяхатшылар Алматыны шабыт беретін қала деп бағалаған!
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.