Испаниядан Алматыға қыдырып келетін туристер саны 38 пайызға жетті

Қазақстан жаңалықтары
23.01.2026
13:08
Испаниядан Алматыға қыдырып келетін туристер саны 38 пайызға жетті

Алматы Испанияның танымал «Мадридтіктер бүкіл әлемде» (Madrileños por el mundo) тележобасының Telemadrid арнасында көрсетілген жаңа шығарылымының басты кейіпкеріне айналды, деп хабарлайды Travelpress.kz.


Бағдарлама Қазақстанға арналды, ал оның аясында оңтүстік астана елдің ең көрікті әрі ерекше мегаполистерінің бірі ретінде атап өтілді.


 

Шығарылым барысында түсірілім тобы Вознесенск шіркеуіне, Көк базарға, сондай-ақ Atlético de Madrid футбол клубының академиясына барды. Бағдарламада қаланың күнделікті тыныс-тіршілігі, мәдени алуандығы мен табиғи көрінісі кеңінен көрсетілген. Ал жобаның кейіпкерлері — мадридтіктер Мигель, Николас және Аврора Алматы, оның тұрғындары мен атмосферасы туралы әсерін айтады. 


 

«Мадридтіктер бүкіл әлемде» тележобасы Telemadrid арнасында көрсетіледі және шетелде тұрып жатқан немесе саяхаттап жүрген испандықтардың оқиғасы арқылы көрермендерді әртүрлі елмен таныстырады.


 

Айта кетейік, 2025 жылы 9 айдың қорытындысы бойынша Алматыға Испаниядан келген туристер саны 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37,8%-ға артты.


 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.