Алматыдан Мумбайға алғашқы рейсін орындады

Қазақстан жаңалықтары
21.04.2025
11:15
Алматыдан Мумбайға алғашқы рейсін орындады
Air Astana Алматыдан Мумбайға алғашқы рейсін орындады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

2025 жылғы 20 сәуірде Air Astana Алматы мен Мумбай арасында алғашқы рейсін орындады. Airbus A320 ұшағы Алматы халықаралық әуежайынан жергілікті уақытпен 04:35-те ұшып шығып, Мумбайға 09:20-да келіп қонды.

Алматы мен Мумбай арасындағы тұрақты рейстер апта сайын үш рет - жексенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Ұшу уақыты шамамен 4 сағат 50 минутты құрайды.

Мумбай - Оңтүстік, Батыс және Шығыс Үндістанға сапар шегу үшін қолайлы көлік хабы. Бұл қала Бангалор, Хайдарабад, Ахмедабад және Калькутта сынды ірі қалалармен тұрақты ішкі әуе қатынасы арқылы жақсы байланысқан.

Жаңа бағыттың ашылуы Air Astana әуекомпаниясының Үндістан нарығына шыққанына 20 жыл толған кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Қазіргі таңда әуекомпания Дели мен Мумбай қалаларына тұрақты рейстерді орындайды. Қазақстан азаматтары Үндістанға туристік визаны онлайн рәсімдей алады.
Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.