Air Astana Алматыдан Данангқа тікелей рейстер ашады

Қазақстан жаңалықтары
03.03.2025
15:30
Air Astana Алматыдан Данангқа тікелей рейстер ашады
Фото: AirAstana

Air Astana әуе компаниясы 2025 жылдың 4 маусымынан бастап Алматы мен Вьетнамның Дананг қаласы арасында тікелей әуе қатынасын іске қосады. Бұл туралы TravelPress.kz әуе компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшулар заманауи Airbus A321LR әуе кемесімен жүзеге асырылады.

Рейстердің ұшу кестесі:

• КС 599 рейсі: Алматыдан 00:55-те ұшып, Данангқа 10:05-те жетеді (+1 күн);
• КС 600 рейсі: Данангтан 11:45-те ұшып, Алматыға 17:00-де қонады.

Ұшу ұзақтығы – 7 сағат 10 минут.

Билеттер сатылымға шықты және airastana.com ресми сайтында қолжетімді. Екі жаққа авиабилеттің бастапқы құны:

• Эконом-класс – 360 701 теңгеден бастап;
• Бизнес-класс – 1 001 804 теңгеден бастап (барлық алымдар қосылған).

Жаңа бағыттың іске қосылуымен Air Astana компаниясының Вьетнамға апталық рейстер саны тоғызға жетеді. Қазіргі уақытта әуе компаниясы Алматыдан және Астанадан Нячангқа тұрақты рейстер орындайды, сондай-ақ 31 наурызға дейін Фукуокқа маусымдық рейстер қолжетімді.

Дананг – Вьетнамның орталық бөлігінде орналасқан танымал жағалау қаласы. Мұнда мәрмәр таулар, Айдаһар көпірі, әлемдегі ең ұзын аспалы арқан жолы саналатын Bana Hills, сондай-ақ 67 метрлік Будда мүсіні сынды көрікті жерлер бар.

Айта кетейік, Қазақстан азаматтары Вьетнамда визасыз 30 күнге дейін бола алады.

Оқи отырыңыз: Елімізде қосымша әуе рейстері іске қосылады
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.