Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл фестиваль туристік фильмдер әлеміндегі танымал әрі беделді іс-шаралардың бірі ретінде елдердің мәдени және туристік мұрасын насихаттаудың ірі алаңы болып табылады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
Фестивальде әлемнің түкпір-түкпірінен туризм және мәдениет тақырыбындағы үздік фильмдер ұсынылады, сондай-ақ мәдени мұра мен ұлттық өнерді, туризм мен туристік әлеуетті дамытудың өзекті мәселелері бойынша түрлі сайыстар мен шеберлік сыныптар өткізіледі.
2022 және 2023 жылдары Елшіліктің ат салысуымен қазақстандық қысқа роликтер: “Kazakhstan by Thomas and Lucy Atkinson” (Destination – Countries) және “Kazakhstan – Like Never Before” (Destination - Countries. Advertising Campaign) аталған фестивальге қатысып, басты жүлделерді жеңіп алғанын атап өтеміз.
Өтінімдер ү.ж. 30 маусымға дейін ғана қабылданады. Барлық қажетті акпаратпен https://www.cifft.com және https://tourfilm-festival.com/ сілтемелері арқылы танысуға болады.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.