Германияда Золлинг мұнарасында саяхатшылар жабайы орман мысығынан қорқып, біраз уақытқа қамауда қалды. Топ секі қамалдан шығып бара жатқанда, мысық олардың жолын бөгеп, жібермеді, оны тек полицейлер қуа алды деп хабарлайды «РИА Новости».
Саяхатшылар экскурсия жасап, кетуді жоспарлаған кезде, кенеттен олар шығар жолда баспалдақта тұрып, туристерге ысылдай бастаған қатыгез жыртқышты көрді.
Орман мысықтары үй мысықтарынан үлкен, денесінің ұзындығы 45-80 см, ал биіктігі шамамен 35 см. Олардың салмағы орта есеппен 8 кг. Әдетте, бұл — адамдардан аулақ болуға тырысатын өте қорқақ жануар. Олар жасырын өмір салтын ұнататын жалғызбасты хайуандар.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.