Гацек есімді семіз көше мысығы Польшадағы Щецин қаласының басты көрнекілігіне айналды. Мысық туристер арасында танымал болғаны соншалық, ол Google Maps-те «көрікті жер» деген таңбамен жеке белгіге ие болды, деп хабарлайды Oddity Central порталы.
Адамдар үй хайуанаттарын да, жабайы жануарларды да жақсы көреді. Оларды бақылау үшін туристер айтарлықтай қашықтықты жүріп өтуге, алыс сапарға шығуға және жету қиын аймақтар мен елдерге баруға дайын. Бұл туристік индустрияға да пайда әкеледі. Euronews.Business Жапония аймақтарының бірінде мысықтар мен бұғылар қалай туризм драйверіне айналғаны туралы бөліседі.