Алматыда Қала күнін мерекелеудің алғашқы күні өтті. Түрлі алаңдардағы концерттерге, фестивальдерге, көрмелерге, спорттық және шығармашылық жобаларға 500 мыңнан астам адам барды.
Алматыда Қала күнін мерекелеу аясында «КітапFest» қалалық кітап жәрмеңкесі басталды. Екі күндік мәдени іс-шараның алғашқы күні Арбат алаңында тұрғындар мен қонақтар жазушылармен кездесіп, кітап жаңалықтарымен танысты.