14 шілдеде Венецияда туристік салық, яғни, 25 сәуірде енгізілген 5 еуроны (2600 теңге) құрайтын қалаға кіру төлемінің мерзімі аяқталды, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы Travel+Leisure басылымы жазды.
Туристік салықты Венецияға кірген туристер бір күн түнемей тұрып төлеуі керек еді. Сонымен қатар, алым тек демалыс күндері таңғы сағат 8:30-дан 16:00-ге дейін алынатын.
Жақында туризм және әлеуметтік келісімге жауапты қалалық кеңес мүшесі Симоне Вентурини 2025 жылы қалаға келетін туристерге бір күндік сапары үшін төлемді қайта енгізу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.