06.12.2024
20:00:46
ru
kz

Таиланд Оңтүстік-Шығыс Азияның алты бірдей еліне Шенген сияқты бірыңғай виза енгізуді ұсынды

Шетелдік жаңалықтар
09.04.2024
13:02
Таиланд Оңтүстік-Шығыс Азияның алты бірдей еліне Шенген сияқты бірыңғай виза енгізуді ұсынды
Таиланд өз еліне және Оңтүстік-Шығыс Азияның тағы бес еліне бір сапарда бірнеше мемлекетке баратын кешенді туризмді дамыту үшін ортақ виза енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

VN Express басылымының жазуынша, осылай турист тартуға болады екен.

«Таиланд, Камбоджа, Лаос, Малайзия, Мьянмаға және Вьетнамға ортақ Шенген визасын ұсынды. Бірлескен виза туристерге Оңтүстік-Шығыс Азияның барлық алты елін бір визамен аралауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бірнеше елге сапарларды бір сапарға біріктіру мүмкіндігі алыс елдерден келетін туристерді көбірек тартады», - деп жазады басылым.


Бастаманы Таиланд премьер-Министрі Стретт Тависин көтерген. Бұл бастаманы оның басқа елдегі әріптестері оң қабылдады.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.