China Southern Airlines әуекомпанипясы Қытайдың оңтүстік мегаполисі Шэньчжэньнен Мексика астанасы Мехико қаласына алғаш рет тікелей жолаушылар рейсін ашады. Бұл Қытайдан ең ұзақ коммерциялық рейс бойынша рекорд орнатады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
CNN жазуынша, континенттер арасындағы бұл рейсте ұзақ қашықтыққа ұшатын лайнер 14 200 шақырым қашықтықты жүріп өтеді.
China Southern Airlines әуекомпаниясының ақпаратына сәйкес, бірінші рейс 11 мамырда Шэньчжэньден ұшып, Мехикоға 16 сағаттық үздіксіз рейс жасайды. Рейс аптасына екі рет - сейсенбі және сенбі күндері ұшады.
Кері бағытта ұшу ұзақтығы 21 сағат 20 минутты құрайды. Қайту рейстері 12 мамырдан бастап сәрсенбі және жексенбі күндері орындалады
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.