Индонезияның Ява аралында Мерапи жанартауының атқылауы басталды, деп хабарлайды Travelpress.kz.
ANTV жазуынша, отты лава кратерінен екі шақырымдай жерге таралған.
Жергілікті билік тұрғындарға қауіпті аймаққа жеті шақырымнан жақындамауға, сондай-ақ таулы аймақтарға, әсіресе тау өзендеріне жақын жерлерге барудан аулақ болуға кеңес береді.
Бақылау жүргізіп жатқан ғылыми станция қызметкерінің айтуынша, түтін бағанасы жанартау саңылауынан 350 м биіктікке көтеріледі.
Индонезияда жанартаулардың атқылауы сирек емес, ел билігі мұндай оқиғалардың орын алуын үнемі ескертіп отырады. Алайда, сақтық шараларына қарамастан, аймақ тұрғындарына қауіп төндіреді.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.