21.11.2024
15:47:01
ru
kz

Дели әуежайында шатырдың бір бөлігі опырылып түсті

Шетелдік жаңалықтар
28.06.2024
14:03
Дели әуежайында шатырдың бір бөлігі опырылып түсті
Дели әуежайында терминал 1 аймағында шатыр жабыны мен тіреуіші опырылып түсті, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы NDTV телеарнасы мәлім етті. Оқыс оқиғадан алты адам зардап шекті. 

Құлаған жабынды сол маңда қаңтарылып тұрған көліктерді басып қалған. Ақпаратқа сәйкес, төрт көлікке зақым келген. Оқиға орнында арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр. Құтқару жұмыстары кезінде бір көліктен ер адамның денесі шығарылды. Айта кетейік, Индира Ганди әуежайының ұшу және қону аймағы әлемдегі ең көп жұмыс істейтін әуежайлардың бірі болып саналады. 
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.