19.09.2024
21:41:28
ru
kz

Елорда әуежайының басқарма төрағасы болып Юсуф Альджавдер тағайындалды

Басты жаңалықтар
02.04.2024
16:00
Елорда әуежайының басқарма төрағасы болып Юсуф Альджавдер тағайындалды
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы болып ҚР Үкіметінің аппаратымен келісім бойынша Юсуф Рашед Мохаммед Альджавдер тағайындалды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлім етті.

Ерғазы Жолдасов бұрын атқарған қызметінен босатылды.
 
Юсуф Альджавдердің авиация саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Түрлі лауазымдарда, соның ішінде «Emirates», «British Airways» әуе компанияларында, Дубай және Абу-Даби халықаралық әуежайларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
 
Анықтама: 2023 жылдың қараша айында Астана қаласының әуежайы «Terminals Holding» (БАӘ) компаниясының сенімгерлік басқаруына берілді.
 
2024 жылғы 1 мамырдан бастап Инвестор жеке инвестициялар есебінен 20 жылдан астам уақыт бойы жаңартылмаған ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуге кірісуді жоспарлап отыр.
 
 
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.