15.12.2025
17:43:06
ru
kz

Бүгіннен бастап Грузия бағыты бойынша жаңа рейс ашылады

Басты жаңалықтар
15.12.2025
15:17
Бүгіннен бастап Грузия бағыты бойынша жаңа рейс ашылады

Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 15 желтоқсанынан бастап қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы Шымкент – Тбилиси бағыты бойынша Грузияға жаңа әуе бағытын іске қосты. Рейстер аптасына 2 рет — дүйсенбі және жұма күндері — «Boeing 737 MAX 8» және «Boeing 737–800» типті әуе кемелерімен орындалады.


 

Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтілуде.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.
+
Сообщение
+
Заказ звонка
Отправить