04.12.2024
19:18:06
ru
kz

Астана әуежайы бұрынғыдан да қауіпсіз бола түсті

Басты жаңалықтар
14.03.2024
13:39
Астана әуежайы бұрынғыдан да қауіпсіз бола түсті
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ жерүсті қызмет көрсету қауіпсіздігі бойынша алғашқы халықаралық аудитінен (ISAGO) сәтті өтті, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлім етті.

Соның арқасында елорда әуежайы Қазақстандағы ISAGO сертификаты бар жалғыз әуежайға айналды.
 
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) аудиторлары былтыр әуежайда жерүсті қызмет көрсету процедураларын тексерді. Қауымдастық берген сертификат әуежайдың қауіпсіздік, жерүсті қызмет көрсету бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін көрсетті.
 
Халықаралық аудит былтыр 2-6 қазан аралығында жүргізілді. Онда елорда әуежайы авиакомпаниялар мен жолаушыларға қызмет көрсетудің 6 бөлімі бойынша тексерістен өтті. Олар ORM (ұйымдастыру және басқару); LOD (жүктеуге бақылау); PAB( жолаушылар мен багажға қызмет көрсету); HDL (жердегі әуе кемесіне қызмет көрсету); AGM (әуе кемесінің жердегі қозғалысы) және CGM (жүк пен поштаға қызмет көрсету). Аудит талаптары 277 пункттен тұрды, әуежай барлық пункт бойынша ола "өте жақсы" деген баға алды.
 
Аудитке Астана халықаралық әуежайының сапаны бақылау бөлімі, әуе кемесіне сервистік қызмет көрсету бөлімшесі, тасымалдауды ұйымдастыру қызметі, жерүсті көлік бөлімшесі, перрондағы тасымалдаушылар бөлімшесі, ұшу қауіпсіздігі инспекциясы, авиациялық қауіпсіздік қызметі, ұшу кезіндегі өртке қарсы және авариялық – құтқаруды қамтамасыз ету қызметі, оқу орталығы және басқалар қатысты.
 
ISAGO аудитінің сертификаты әуежайдағы  жерүсті қызмет көрсетудің жоғары деңгейін, жазатайым оқиғалардың алдын алу, қызмет көрсету сапасын қамтамасыз етудің жоғары деңгейде екенін айғақтайды.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.