13.11.2025
16:02:25
ru
kz

Астана – Жезқазған бағытындағы тальго пойызы Қызылордаға дейін ұзартылады

Басты жаңалықтар
13.11.2025
13:03
Астана – Жезқазған бағытындағы тальго пойызы Қызылордаға дейін ұзартылады

«Астана – Жезқазған» бағытындағы Тальго пойызы Қызылордаға дейін ұзартылады, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті

2025 жылдың 14 желтоқсаннан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ Тальго №65/66 «Астана – Жезқазған» пойызының бағытын Қызылордаға дейін ұзартады. Жаңа бағыт елдің орталық және оңтүстік өңірлерін тікелей байланыстырады. «Астана – Қызылорда» пойызы күнара қатынайды. Бұл бағытта бір сапарда 400-ден астам жолаушы тасымалданады.


 

Бағытта жайлы Тальго вагондары қолданылады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 50% жеңілдікпен арнайы бейімделген орындар қарастырылған.


 

Бағыттың ұзаруы жол жүру уақытын стандартты пойыздардан 7 сағатқа қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде еліміздің ірі өңірлері арасындағы көлік қатынасын тұрақтандырып, жолаушылардың қысқы маусымдағы сапарын едәуір арттырады.


 

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының билет кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы білуге болады. Пойыздардың нақты келу және жөнелту уақыты туралы ақпарат https://tablo-railways.kz/ru/ онлайн-таблосында қолжетімді.


 

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.
+
Сообщение
+
Заказ звонка
Отправить