Жеңіс шеруіне дайындыққа байланысты ұшу кестесінде өзгерістер орын алуы мүмкін, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлім етті.
Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға Жеңістің 80 жылдығына, сондай-ақ Отан қорғаушы күніне орай өтетін әскери шеруге дайындық және оны өткізу кезінде ұшу кестесінде болуы мүмкін өзгерістер туралы хабарлайды.
Құзырлы органдардың бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр (қоса алғанда) аралығында Астана қаласының әуе кеңістігінде әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларына байланысты қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі.
Осыған байланысты ұшу және ұшып келу кестесіне өзгерістер енгізілуі ықтимал. Әуежай жолаушыларға өзекті ақпаратты авиакомпаниялардың және әуежайдың ресми ресурстарынан алдын ала нақтылауды ұсынады. Уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауларыңызды және ықтимал өзгерістерді ескере отырып, сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.