06.05.2025
12:33:47
ru
kz

Air Astana мен Қазаэронавигация ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Басты жаңалықтар
30.04.2025
17:56
Air Astana мен Қазаэронавигация ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Air Astana мен Қазаэронавигация ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Air Astana әуекомпаниясы мен «Қазаэронавигация» РМК әуе кемелері экипаждары мен диспетчерлік құрамның бірлескен жұмысының тиімділігін арттыруға және ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған өзара іс-қимыл туралы шарт жасасты.

Құжат өтеусіз негізде әуекомпанияның әуе кемелерінің кабиналарында және авиатренажерда танысу ұшуларын жүргізуді, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларындағы Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесінің (ӘҚБ АЖ) орталықтарына баруды көздейді. Бұл шаралар әрбір тараптың жұмыс ерекшелігін түсіну деңгейін арттыруға,әрекеттер үйлестіруін жақсартуға және ұшулардың жалпы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

«Ұшқыштар мен диспетчерлер арасындағы ашық сұхбат пен өзара түсіністік - әуе қозғалысын қауіпсіз және тиімді басқарудың кілті. Біз бұл жоба авиацияда сенімді, кәсіби алмасуды және қауіпсіздіктің жалпы мәдениетін күшейтуге бағытталған маңызды қадам болатынына сенімдіміз», - деді Air Astana ұшу өндірісі жөніндегі атқарушы директор Филиппос Сиакасс.


Аталған келісімге қол қою серіктестік қарым-қатынастарды дамытудағы маңызды кезең және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосады.
Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.