15.10.2024
11:56:20
ru
kz

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысты жиын өтті

Басты жаңалықтар
15.08.2024
20:21
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысты жиын өтті
Елордадағы QAZAQSTAN жеңіл атлетика спорт кешенінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысты жиын өтті, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР ТСМ баспасөз қызметі мәлім етті. 




Басқосуға ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабасынов, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Мұратбек Қыпшақбаев, сондай-ақ федерация президенттері мен бас жаттықтырушылар қатысты.




Отырыста 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру және ұлттық құрама спортшыларының дайындығы сөз болды.
 

«Биыл елімізде өтетін ірі додалардың бірі  5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары екені белгілі. Дүбірлі доданың басталуына да санаулы күндер қалды. Ойындарға әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде көшпенді емес елдерден де командалар қатыспақ. Сондықтан көшпенділер бәсекесін абыроймен өткізуге бар күшімізді жұмсау керек»,  — деді ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.







5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында  21 спорт түрінен өтеді. Оның тең жартысы - қазақтың ұлттық ойындары.
Федерация басшылары мен бас жаттықтырушылар спортшыларымыздың дайындығы жоғары деңгейде екенін және дүбірлі додада жақсы нәтиже көрсетуге тырысатындарын айтты.
 
 

 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.