«Халықаралық әуе көлігі бүгінде 28 елмен 110 бағытқа (аптасына 567 рейс) рейс жасайды. Соңғы екі жылда Милан, Доха, Абу-Даби, Кувейт және басқа да қалаларға 32 халықаралық әуе жолы ашылды. Алдағы 2024-2025 жылдары Мумбай, Токио, Сингапур, Шанхай және Нью-Йорк қалаларына әуе рейстері ашылады», - деді Марат Қарабаев. Министр сондай-ақ ішкі әуе тасымалымен 5 қазақстандық әуе тасымалдаушылары айналысатынын атап өтті.
Аптасына 644 рейс орындалады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға артық. Ұшулардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және ішкі туризмді дамыту мақсатында әуе бағыттарын субсидиялау тетіктері қолданылады.
«Биыл халықты қолжетімді әуе тасымалымен қамтамасыз ету үшін 9 облыстағы 23 әуе бағытын субсидиялауға республикалық бюджеттен 6 млрд 900 млн теңге бөлінді. Келесі жылы бұл қаражат тағы да көбейіп, 8 млрд 200 млн теңгені құрады», - деп қосты Марат Қарабаев.