14.06.2025
00:36:35
ru
kz

1300-ден астам студент туризм саласында тәжірибеден өтті

Басты жаңалықтар
13.06.2025
12:40
1300-ден астам студент туризм саласында тәжірибеден өтті

IUTH университетінің 1300-ден астам студенті туризм және меймандостық саласында өндірістік тәжірибеден өтуде, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

2025 жылдың жаз айларында Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің (IUTH) 1300-ден астам студенті туризм саласындағы жетекші нысандарда өндірістік тәжірибеден өтуде.


Тәжірибеден өтушілердің арасында:


2-курс – 787 студент;
3-курс – 531 студент бар.


 

Өндірістік тәжірибе Rixos President Astana, Rixos Water World Aktau, Visit Shymkent, Karavansaray сынды ірі нысандарда, сондай-ақ Түркістан, Шымкент, Алматы және Астана қалаларындағы қонақ үйлерде, туристік ақпараттық орталықтарда, туристік агенттіктер мен спорт нысандарында ұйымдастырылған. Сонымен қатар студенттер Қазақстанның өзге де қалаларында тәжірибе жинақтауда.


 

Өндірістік тәжірибе – білім беру үдерісінің маңызды бөлігі. Ол студенттерге нақты кәсіби дағдыларды меңгеруге, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және кәсіби бағыт-бағдарын нақтылауға мүмкіндік береді.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.