23.11.2024
15:19:15
ru
kz

Түркияның оңтүстік өңірлері Қазақстан өңірлерімен ынтымақтастыққа мүдделі

Қазақстан жаңалықтары
02.02.2024
10:01
Түркияның оңтүстік өңірлері Қазақстан өңірлерімен ынтымақтастыққа мүдделі
Қазақстан Елшісі Еркебұлан Сапиев Анталия провинциясының Губернаторы Хулуси Шахинмен кездесті, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Хулуси Шахин Анталия Түркияның туристік және ауылшаруашылық орталығы екенін айтып, осы салаларда ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін білдірді. Сонымен қатар, ол Анталияда тұратын Қазақстан азаматтары елдер арасында мәдени алмасуды дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Кездесу нәтижесінде екіжақты негізде де, көпжақты форматта да өзара іс-қимылды дамыту, сондай-ақ тауар айналымын арттырудың кең мүмкіндіктерін пайдалану туралы келісімге қол жеткізілді.

Анталияға жұмыс сапары барысында Елші Еркебұлан Сапиев Анталия Сауда-өнеркәсіп палатасының басқарма мүшелерімен кездесіп, Қазақстанның инвестициялық әлеуеті туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сол күні Елші көкөністер мен ет өнімдерін сақтайтын қоймалар мен тоңазытқыш камераларын шығаруға маманданған «Cantek Group» компаниясының мүмкіндіктерімен танысты.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.