19.09.2024
21:38:57
ru
kz

Тараз қаласында «Зербұлақ» демалыс кешенінің екінші кезеңі іске қосылды

Қазақстан жаңалықтары
25.07.2024
17:35
Тараз қаласында «Зербұлақ» демалыс кешенінің екінші кезеңі іске қосылды
Көне шаһардың келбетін жақсартып, туризм орталығына айналдыру мақсатында былтыр Тараз қаласында «Зербұлақ» демалыс кешені ашылған болатын, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

2000 адамға шақталған кешенде түрлі әткеншек, толқынды бассейн секілді заманауи құрылғылар орнатылған.

Енді аталған жағалаудың екінші кезеңі іске қосылды. Атап айтсақ, иесіз бос жатқан жердің 6 гектарына халыққа тиімді бағада әрі таза жаңа су айдыны (жағалау) ашылды.

Осы орайда айта кетерлігі, жағалауға кіру құны ересек адамдар үшін 1 000 теңгені құраса, бір отбасы үшін 16 жасқа дейінгі 2 балаға кіру тегін. Осылайша, «Зербұлақ» жағалауы шаһардың шырайын арттырып қана қоймай, қала тұрғындарының сейілдеуіне арналған ыңғайлы демалыс орнына айналары сөзсіз.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.