29.01.2026
22:14:26
ru
kz

Тальго пойызына жеңілдіктер енгізілді

Қазақстан жаңалықтары
29.01.2026
17:23
Тальго пойызына жеңілдіктер енгізілді

Ұлттық тасымалдаушы танымал бағыттардағы «Тальго» пойыздарына жеңілдіктер енгізді, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ сұранысқа ие бірқатар бағыттар бойынша теміржол билеттеріне қысқы жеңілдіктердің іске қосылғанын хабарлайды. Жеңілдік шарттары белгіленген мерзім ішінде қолданылады және жол жүру құжаттарын рәсімдеудің бекітілген талаптары сақталған жағдайда ұсынылады.


 

Жеңілдіктер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жөнелтілетін пойыздарға қолданылады:


 

№11/12 «Алматы – Шымкент» бағытындағы «Тальго» пойызы

• Жеңілдік түрі: Турист «2Д» орындарына

• Жеңілдік мөлшері — 25%


 

№65/66 «Астана – Қызылорда» бағытындағы «Тальго» пойызы

• Жеңілдік түрі: үстіңгі орындарға

• Жеңілдік мөлшері — 25%


 

№105/106 «Алматы – Петропавл» бағытындағы «Тальго» пойызы

• Жеңілдік түрі: үстіңгі орындарға

• Жеңілдік мөлшері — 25%


 

Жеңілдікпен билеттерді www.bilet.railways.kz ресми сайтынан, сондай-ақ теміржол вокзалдарындағы билет кассаларында қолжетімді. Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы тегін алуға болады.


 

 


 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.
+
Сообщение
+
Заказ звонка
Отправить