24.11.2024
01:16:05
ru
kz

Сұмдық! Түркияда мейрамхана ішінде билеген үшін шотқа тағы 30 мың теңге қосты - желі қолданушысы

Қазақстан жаңалықтары
10.06.2024
20:45
Сұмдық! Түркияда мейрамхана ішінде билеген үшін шотқа тағы 30 мың теңге қосты - желі қолданушысы
Жақында Түркияға туған күнін тойлауға барған TikTok қолданушысы Самал Тұманбаеваның мейрамхана иелеріне деген өкпесі қара қазандай, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бойжеткен осыдан бес күн бұрын TikTok желіге ерекше видео жүктеді. Онда ол достарымен мейрамхананың ішінде даяршымен шотты талқылап жатыр. Самалдың айтуынша, ол мерекелік кеште құрбыларымен бірге 4 би билеген, соған шоттан бөлек тағы ақша қосқан. Бұл жағдай Самалды қатты ашуландырған. 

«Түркияға барып кафе, мейрамханаға отырған соң, міндетті түрде шотты қараңыздар. Билегеніміз үшін 30 000 теңге ақша қосқан. Сұмдық жағдай! Осы жерде тұрып 4 би биледік. Соған 30 мың теңге алып жатыр. Би үшін. Біз талқылау үстіндеміз. Шетелге келіп тұрып, мына жердегі столдарды алып тастадық, биледік», - дейді Самал Асқарқызы.

@idsamaltumanbaeva #сұмдық ♬ оригинальный звук - Самал Аскаровна
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.