12.09.2025
22:35:17
ru
kz

Мүмкіндігі шектеулі жандардың әуе көлігін пайдалану шарттары талқыланды

Қазақстан жаңалықтары
12.09.2025
16:30
Мүмкіндігі шектеулі жандардың әуе көлігін пайдалану шарттары талқыланды

 

Мүмкіндігі шектеулі жандардың әуе көлігін пайдалану шарттары Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілімен талқыланды, деп хабарлайды Travelpress.kz

 

Астанада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Халықтың әлеуметтік осал топтардың құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжанның төрағалығымен, ҚР КМ Азаматтық авиациякомитетінің төрағасы Салтанат Томпиевамен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі жандарға әуе көлігінде қызмет көрсету мәселелері бойынша отырыс өтті. 
 

Оған Қазақстанның авиациялық әкімшілігі, Халықаралық азаматтық авиация қауымдастығы (IATA), сондай-ақ қазақстандық және шетелдік әуе компанияларының өкілдері қатысты.

 

Кенжеғұл Сейтжан әуе көлігін пайдалану кезінде мүмкіндігі шектеулі жандар бепте-бет келетін қиындықтарға тоқталды. Өз кезегінде Салтанат Томпиева әуе көлігімен тасымалдау барысында мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға жағдай жасау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Қазіргі таңда мүгедектігі бар тұлғаларға әуе билеттерін сатып алуға жеңілдіктер беру мәселелері жөнінде қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу қарастырылып жатыр.


 

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің өкілдері азаматтық авиация субъектілерінің заңнамалық талаптарға сәйкестігі, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдайлар бойынша тұрақты негізде тексерулер жүргізілетінін атап өтті. Заң бұзушылықтар орын алған жағдайда тиісті шаралар қабылданады.


 

IATA-ның Орталық Азия бойынша өңірлік менеджері Ризван Сиддики мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қолайлы жағдай жасау Ассоциацияның басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. IATA тұрақты түрде ұйым мүшелерімен (дүниежүзі бойынша 360-тан астам әуе компаниясы) кеңестер өткізіп, әуе компанияларына жүзеге асыру үшін жіберілетін стандарттарды әзірлейді.


 

Әуе компаниялары да мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау бойынша өз жұмыстары жөнінде есеп берді. Кеңес қорытындысы бойынша Азаматтық авиация комитетінің төрағасы көтерілген барлық мәселелер әуе компанияларымен бірлесіп қарастырылатынын атап өтті.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.