31.10.2024
06:33:16
ru
kz

Көлік министрі Ақтау, Астана және Ақтөбе әуежай басшыларына ретке келтіруді тапсырды

Қазақстан жаңалықтары
31.07.2024
08:00
Көлік министрі Ақтау, Астана және Ақтөбе әуежай басшыларына ретке келтіруді тапсырды
Көлік министрі Марат Қарабаев ҚР Үкіметінің азаматтарды қабылдау орталығында Атырау, Алматы, Астана қалалары мен Түркістан облысының тұрғындарын қабылдады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.  

Жеке қабылдауға жазылған азаматтардың мәселелері әуежайлар мен теміржол вокзалдарында ерекше қажеттілігі бар жандарға қызмет көрсетуге, сондай-ақ күре жолдарда атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарына қатысты болды. 

Мәселен, Атырау қаласының тұрғыны еліміздегі теміржол вокзалдарында ерекше қажеттілігі бар жандарға қызмет көрсететін арнайы кассалардың болмауы мәселесін көтеріп, шағымданды. Жалпы бүгін ел аумағында 300-ден астам теміржол вокзалы жұмыс істейді. Олардың бірнешеуі ғана арнайы кассалармен жабдықталған. Көлік министрлігі теміржол және су көлігі комитетінің қызметкерлеріне барлық вокзалдарды тексеріп шығу және теміржол вокзалдарында ерекше қажеттілігі бар жандарға қызмет көрсететін арнайы кассаларды орнату мәселесін қолға алу  тапсырылды. Бірінші кезеңде мамандар ірі теміржол вокзалдарын, содан кейін шағын станцияларды тексеріп шығады. Вокзалдарды тексеру жұмыстары басталды. 

Сонымен қатар, көлік министрі Марат Қарабаев жолаушылардың шағымдарынан кейін Ақтау, Астана және Ақтөбе қалаларының әуежайларын ретке келтіруді тапсырды. 

"Бірінші кезекте бұл әуежайларда тазалық пен тәртіп орнату қажет. Әуежайлардың басшылығына ескерту", - деді Марат Қарабаев. 


Министр Қызылорда және Шымкент қалаларының әуежайларында жолаушылар терминалдарының құрылысы аяқталуға жақын екенін еске салды. Олар жеке қаражат есебінен салынып жатыр. Сондай-ақ, биылғы жылдың мамыр айында Балқаш қаласы әуежайының перронын қайта жаңарту жұмыстары басталды.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.