Қазақстанның көрікті жерлері бейнеленген жапсырмалар шығарылды, деп хабарлайды Travelpress.kz
Kazakh Tourism және Қазақстандық автомототуризм қауымдастығы автотуристер үшін жапсырмалар әзірледі. Еліміздің көрнекті жерлерінің суреттері бейнеленген жапсырмалар топтамасын автокөліктерде көруге болады. Олардың әрқайсысы танымал туристік орындарға немесе қалаларға арналған. Автотуристер коллекция жинап, өздерінің саяхат бағдарларын бақылай алады.
Жоба аясында Kazakh Tourism және Қазақстандық автомотуризм қауымдастығы еліміздің туризміне арналған жапсырманың 25 түрін шығарды. Коллекцияға Көлсай көлдері, Асы үстірті, Марқакөл көлі, Катонқарағай ұлттық паркі, Ботай қонысы, Тараз, Байқоңыр қалалары және және басқа да көрнекті жерлер кіреді.
Әрбір жапсырма тек естелік кәдесый ғана емес, Қазақстандағы белгілі бір аймақпен немесе көрікті орынмен танысудың және зерделеудің дәлелі болады. Туристер өз саяхаттарының маңызды кезеңдерін белгілеп, туған елінің көркем жерлерімен бөлісе алады.
Алдағы уақытта жапсырмалар топтамасын жаңа аймақтармен, нысандармен және туристік маршруттармен толықтыру жоспарланған.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.