Қазақстанның Израильдегі Елшісі Дәулет Ембердиев Израиль Өңірлік ынтымақтастық министрлігінің Бас директоры Гилад Шадмонмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Тараптар туризмді дамыту, қазақстандық азаматтар үшін визасыз режим орнату секілді бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.
Елші сұхбаттасын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және әлеуметтік салалардағы реформаларымен, экономикалық жаңғыртудың өзекті бағдарламаларымен, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық бастамаларымен таныстырды. Сонымен қатар Д. Ембердиев екі ел арасындағы достық қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, болашақта бұл ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.
Өз кезегінде Г. Шадмон өңірлік қарым-қатынасты нығайту, ауылшаруашылығы және басқа да түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытуға толықтай қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.