Қазақстан мен Әзербайжан теңізшілердің кәсіби дипломдарын өзара тану туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
2024 жылғы 11 наурызда Мемлекет басшысының Әзербайжан Республикасына сапары барысында екі елдің Көлік министрлігі мен Цифрлық даму және көлік министрлігі арасында теңіз кемелері экипажы мүшелерінің кәсіби дипломдарын өзара тану туралы келісімге қол қойылды.
Келісім болашақ теңізшілерді даярлау туралы халықаралық конвенцияның талаптарына сәйкес әзірленді, оның «Ақ тізіміне» екі мемлекет те енгізілген.
Келісімге қол қою Әзербайжан тарапының Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі беретін теңізшілердің кәсіби дипломдарын тануын қамтамасыз етіп, қазақстандық теңізшілерге Әзербайжан туы астында кемелерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.