28.12.2024
12:46:17
ru
kz

Қазақстан бойынша жарыққа шыққан алғашқы британдық нұсқаулықты кім жазғаны белгілі болды

Қазақстан жаңалықтары
27.12.2024
16:23
Қазақстан бойынша жарыққа шыққан алғашқы британдық нұсқаулықты кім жазғаны белгілі болды
Қазақстан бойынша алғашқы британдық гид кім жазды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич Kazakh Tourism басшысы Қайрат Сәдуақасовтың «Born Bold.Travel boldcast» авторлық посдкастында Қазақстан бойынша жарыққа шыққан алғашқы британдық нұсқаулық жайлы әңгімеледі. 20 жылға жуық уақыт бұрын жарыққа шыққан кітап әлі де өзекті және туристер арасында сұранысқа ие. Дипломат Пол Браммеллдің еліміздегі туризмді дәріптеуге қосқан үлесіне тоқталды. 

«Маған дейін шамамен 20 жыл бұрын Қазақстанда елші болған Пол Браммелл Қазақстандағы алғашқы британдық гидті жазды. Ол осы елдегі саяхат және туризм туралы кітап шығарды. Бұл Қазақстанмен танысудың бірегей мүмкіндігі. Үшінші басылым да дайындалатын болар. Мен мұны мақтан тұтамын. Пол қазір Латвияда елші қызметін атқарады және сол жерде де саяхат нұсқаулығын әзірледі», - деді ол. 


Пол Браммеллдің кітабы - еліміздің мәдениетіне, табиғатына және тарихына қызығушылық танытқан саяхатшылар үшін маңызды ақпарат көзі
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.