19.09.2024
21:30:23
ru
kz

Hilton қонақ үйі Алматы облысында ашылады

Қазақстан жаңалықтары
29.08.2024
10:32
Hilton қонақ үйі Алматы облысында ашылады
Hilton Алматы облысында алғашқы қонақ үйін ашады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Hilton қонақ үйінің инвестициялық құрылыс жобасының директоры Ли Чжунхунмен кездесті. Тараптар Қазақстанның туристік әлеуетін нығайтуға қатысты бірқатар мәселені талқылады. Сонымен қатар кездесуде Ермек Маржықпаев пен Ли Чжунхун туризм саласындағы инвестициялық жоба бойынша меморандумға қол қойды.

«Меморандумға қол қою тек формалды әрекет емес, бұл - біздің әріптестік қарым-қатынасымызды нығайту және тиімді ынтымақтастық үшін жағдай жасау бағытындағы негізгі қадам. Аталған ынтымақтастық туристік ағынды арттырып, өңірдегі бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенеміз», – деді министр.


Жиын барысында Ермек Маржықпаев Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік ағын артып келе жатқанын атап өтті. Мәселен, 2023 жылы Қазақстанға келген қытайлық туристер саны 20 есеге өскен. Сондай-ақ былтыр екі ел арасында визасыз режим енгізілген болатын. Азаматтар екі мемлекет аумағына күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімдегі кезеңге келе алады.

Айта кетейік, бұл – Hilton желісінің Алматы облысындағы алғашқы қонақ үйі. Халықаралық франшизаларды өңірдің курорттық аймақтарына тарту стратегиясы аясында Туризм және спорт министрлігі инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша белсенді жұмысын жалғастырады.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.