22.11.2024
04:19:23
ru
kz

«Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті» АҚ басқарма төрағасы-ректорының бос орны ашылды

Қазақстан жаңалықтары
06.01.2024
13:20
«Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті» АҚ басқарма төрағасы-ректорының бос орны ашылды
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі «Халықаралық туризм және меймандостық университеті»  коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректоры лауазымына конкурс жариялайды(бұдан әрі-Қоғам) .

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Астана қ., Мәңгілік Ел д. 8, 15 кіреберіс, анықтама телефондары 74-27-89, 74-07-72, 8(777)394-73-81.

Конкурсты өткізу күні: 2024 жылғы 25-26 қантар

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің орналасқан жері:Астана қ., Мәңгілік Ел д. 8, 15 кіреберіс.

Қоғамның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: туризм саласындағы білім беру және ғылыми қызмет.

Негізгі мақсат–туризм саласында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру. Туризм саласында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар жоғары білікті мамандарды даярлау. Туризм саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу. Туризм саласында оқытудың жаңа технологияларын әзірлеуге және енгізуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы;

2) шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссия бекіткен басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орнында берілген ғылыми дәрежесінің не магистр академиялық дәрежесінің болуы;

3) басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

4) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы туралы мәліметтердің болмауы;

5) жұмысқа медициналық қарсы көрсетілімдердің болмауы.

Конкурсқа келесі тұлғалар жіберілмейді:

1) тұлға өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, тұлғалардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, тұлға саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларының негізінде оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған тұлғаларды қоспағанда) тұлғаларды жұмысқа орналастыруға жол берілмейді;

2) психоневрологиялық және (немесе) наркологиялық ұйымдарда есепте тұрғандар.

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы тәртіпке 2-қосышмаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

2) Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) осы Тәртіпке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 3х4 өлшемді түрлі-түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

4) салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері:

шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына берген, сондай-ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне ғылым саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі;

 «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;

өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне ғылым саласындағы уәкілетті органдар берген осы білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;

5) жұмыс орны (қазіргі немесе соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 075/е нысан бойынша медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

7) психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан анықтама;

8) соттылықтың жоқтығын растайтын құжат.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау уәкілетті органның интернет-ресурсында хабарландыру жарияланған күннен бастап 10күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі. Өтініш, Қызметтік тізбе. 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.