15.10.2024
12:03:00
ru
kz

Еліміздің оңтүстігінде өте қатты ыстық болады деп күтілуде

Қазақстан жаңалықтары
26.07.2024
09:00
Еліміздің оңтүстігінде өте қатты ыстық болады деп күтілуде
Алдағы күндері антициклон жотасы циклонды еліміздің солтүстік-батысына қарай біртіндеп ығыстырады және атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, найзағай және желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Travelpress.kz. 

Бұл туралы Қазгидромед мәлім етті. 

Ал қатты жаңбыр солтүстік-батыста, 25 шілдеде батыста, шығыста, 26-27 шілдеде солтүстігінде күтіледі.

Ауа температурасы күндіз батыста +23+33°С дейін, солтүстік-батыста +15+28°С дейін, солтүстікте +18+28°С дейін, орталықта +25+35°С дейін төмендейді, шығыста +25+37℃ дейін, оңтүстікте +35+45℃ дейін, оңтүстік-шығыста +35+43℃ дейін жоғарылауы болжанады.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.