21.11.2024
19:48:00
ru
kz

Еліміздегі ең ұзын көпір сынақтан сәтті өтті

Қазақстан жаңалықтары
14.10.2024
11:17
Еліміздегі ең ұзын көпір сынақтан сәтті өтті
Қазақстандағы ең ұзын көпір сынақтан өтті, деп хабарлайды Travelpress.kz.
 
Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ұзындығы 1316 метрді құрайтын екі жолақты көпір арнайы сынақтан өтті. Бұл — Қазақстандағы ең ұзын көпір.

Көпір құрылысын тексеру үшін жалпы жүктемесі 450 тоннаны құрайтын 15 жүк көлігі тартылды. Арнайы құрылғылар көпірдегі деформация, діріл (вибрация) және жүктемені бөлу көрсеткіштерін тіркеп алды.

Сынақ нәтижелері Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін жаңа көпірдің барлық нормативтік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін және үлкен жүктемелерге төтеп бере алатынын растады.

Екі жолақты көпір Шығыс Қазақстан облысының Жарма, Катонқарағай, Күршім, Көкпекті, Зайсан және Алтай аудандары арасында көліктердің жыл бойы үздіксіз жүруі үшін қажет.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.