07.12.2024
06:56:58
ru
kz

Ел ішінде 3,5 млн-ға жуық адам саяхаттады

Қазақстан жаңалықтары
04.10.2024
13:47
Ел ішінде 3,5 млн-ға жуық адам саяхаттады
Елде ішкі туризмнің әлеуеті артып келеді, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Мәселен, жыл басынан бері ел ішінде 3,5 млн-ға жуық адам саяхаттаған. Ал қонақүйлердің табысы 23 пайызға өсіп, 121 млрд теңгеге жетті. 

Бұл туралы 24 КZ арнасы хабарлады. 

500 мың адам жұмыспен қамтылған. 8 айда негізгі капиталға 527 млрд теңге инвестиция салынды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңнен 69%-ға көп. Сондай-ақ елде туристік орталықтардың саны артты. 16 орталықтың жетеуі ұлттық саябақтарда орналасқан. 

Мемлекеттік қолдау да жеткілікті. Сырттан мейман әкелген туристік операторлардың шығындары субсидияланады. Тау-шаңғы курорттарына арналған техника мен жабдықтар сатып алуға кеткен шығындардың бір бөлігі осылай өтеледі. Kids Go Free бағдарламасы аясында кәмелетке толмаған жолаушылардың билет құнын да субсидиялау жолға қойлыған.

Ел ішіндегі туристер саны: 

2023 - 3,082 млн турист 
2024 - 3, 431 млн турист 

Қонақүйлер табысы:
 
2023 - Т98,7 млрд 
2024 - Т121,3 млрд 

Инвестиция

2023 - Т311,8 млрд 
2024 - Т527,6 млрд
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.