19.09.2024
21:49:29
ru
kz

Эйр Астана Sky Choice Travel марапатын алды

Қазақстан жаңалықтары
16.01.2024
17:01
Эйр Астана Sky Choice Travel марапатын алды
Air Astana Бейжіңдегі China Civil Aviation magazine шарасында өткен Sky Choice Travel Awards марапаттау рәсімінде «Жолаушыларға қызмет көрсету немесе инновациялық өнім жағынан Жылдың үздік әуекомпаниясы» номинациясы бойынша марапатқа ие болды, деп хабарлайды Тravelpress.kz.

Бұл туралы Air Astana әуекомпанияның ресми Telegram арнасы жазды.

Жыл сайынғы Sky Choice Travel Award авиация және туристік саланың жетекші ойыншыларын марапаттайды. Қазылар алқасының құрамында салалық сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері. Өзге номинациялар қатарында: «Экология саласындағы жылдың үздік әуекомпаниясы», «Тұрақты даму саласындағы жылдың үздік әуекомпаниясы», «Үздік бюджеттік әуекомпания», «Үздік жүк әуекомпаниясысы" және тағы басқасы.
 

«Қытайдағы авиация қауымдастығынан алғашқы марапатты алғанымызды мақтан тұтамыз. Бұл марапат қызметти жақсарту бойынша үздіксіз күш-жігерімің жемісі. Қытайлық саяхатшыларға таңдаулары мен жоғары бағалары үшін алғыс айтамыз», - деді Қытайдағы Эйр Астана өңірлік менеджері Шу Ван.

 
Эйр Астана Бейжіңге Airbus А321LR ұшағымен аптасына алты рет қатынайды. Әуекомпания әрбір борттық өніминде қазақ мәдениетінің нышанын көрсетуге тырысады. Оның ішінде ұшу қауіпсіздігі туралы жаңа нұсқаулық, салон безендірудегі, ыдыс-аяқ, мәзір және ойын-сауық жүйесінің мазмұнындағы ұлттық нақыш кіреді.
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.