04.09.2025
17:50:45
ru
kz

Димаш Құдайберген мен Қытайдың танымал телеарнасы музыкалық жоба түсіреді

Қазақстан жаңалықтары
04.09.2025
10:15
Димаш Құдайберген мен Қытайдың танымал телеарнасы музыкалық жоба түсіреді

Димаш Құдайберген мен Қытайдың танымал телеарнасы Қазақстанда музыкалық жоба түсіреді, деп хабарлайды Travelpress.kz.



Қазақстанда «Voice Beyond Horizon» деп аталатын ауқымды тележобаның түсірілімі басталады. Музыкалық шоуды Димаш Құдайберген және әлемдегі ірі медиахолдингтердің біріне айналған Қытайдың Hunan TV телеарнасы бірлесе жүзеге асырады.


 

Жоба әртүрлі елдерден келген орындаушыларды біріктіреді. Оның ішінде Қытай, Қырғызстан, Италия, Түркия және Сербия өкілдері бар. Олар Димашпен бірге Қазақстанның көркем өңірлері бойынша шығармашылық сапарға аттанады. 


 

Түсірілім Астана мен Алматы қалаларында, Алматы, Ақмола, Түркістан және Маңғыстау облыстарында өтеді. Реалити-шоудың ақтық кезеңі елордада ұйымдастырылады.


 

Қатысушылар пойызбен жолға шығып, елдің табиғи және тарихи нысандарында тоқтайды. Негізгі аялдамалар қатарында  Көбейтұз көлі, Шарын мен Бозжыра шатқалдары,  Сайрам-Өгем ұлттық паркі бар.


 

Музыканттар өнер көрсетеді, шеберлік сағаттарын өткізіп, бірлескен перфоманстарда шеберліктерін паш етеді. Жеке және дуэт түріндегі орындауларды халықаралық деңгейдегі кәсіби қазылар  бағалайды.


 

Бағдарлама Hunan TV телеарнасы мен Mango TV цифрлық платформасында көрсетіледі. Олардың Қытай мен өзге елдердегі аудиториясы 1 миллиардтан астам көрерменді қамтиды.


 

«Voice Beyond Horizon» жобасы Қазақстанның мәдени мұрасы мен туристік әлеуетін әлемдік аренада ілгерілетуде маңызды бастамаға айналмақ.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.