08.12.2025
20:20:19
ru
kz

Дархан Сатыбалды: Жаңғырту кезінде мұз айдыны кешенінің тарихи келбеті толық сақталады

Қазақстан жаңалықтары
08.12.2025
19:07
Дархан Сатыбалды: Жаңғырту кезінде мұз айдыны кешенінің тарихи келбеті толық сақталады

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Медеу» биік таулы спорт кешенін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Travelpress.kz.


Қала басшысы жаңғырту кезінде мұз айдыны кешенінің тарихи келбеті толық сақталатынын атап өтті.


 

Жоба энергия үнемдейтін шешімдерді енгізуді көздейді: жаңа тоңазытқыш жабдығы орнатылып, инженерлік желілер жаңартылады. Шығыс қанаттағы қонақ үй жөнделеді, ал батыс трибунада кофеханалары бар терраса мен демалыс аймағы жасалады. Кешен алдында SUN-DECK демалыс аймағын құру көзделген. Іргелес аумаққа жүргіншілер бағыттары, шолу алаңдары, көгалдандыру және сәулеттік жарықтандыру қосылады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін екі жеделсаты орнатылады.


 

Бұл жұмыстар 2027 жылы төртінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр.


 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.
+
Сообщение
+
Заказ звонка
Отправить