08.09.2025
17:30:10
ru
kz

Бурабайда экомаршрут ашылды

Қазақстан жаңалықтары
08.09.2025
10:10
Бурабайда экомаршрут ашылды

«Бурабай» ұлттық паркінде туристердің жаяу жүруіне арналған «Бөлектау» жолы абаттандырылды, деп хабарлайды Travelpress.kz.


Заманауи әрі қауіпсіз бағыт туристер үшін жаңа тартымды орынға айналмақ.


 

Цифрлық шешімдердің қолданылуы оның ерекшелігіне айналмақ. Меймандар жолды QR-кодтарды, аудиогидті және Telegram-ботты қолданып, квест форматында өте алады.



«Бөлектау» экологиялық бағыты табиғаты көркем аумақ арқылы өтеді. Ол кіреберіс аркадан басталып, демалыс аймағындағы беседкаға жетпей аяқталады. Бұған дейін осы қашықтықтағы жол тауға шығатын туристерге қауіп төндіруі мүмкін бағыттардың бірі саналған. Енді абаттандырылған маршрут белсенді саяхатшылардан бастап балалары бар отбасыларға дейінгі келушілердің кең ауқымына да қолжетімді болды.



 «Экологиялық және танымдық туризмді дамыту – басты басымдықтарымыздың бірі. Бұл салаға жеке сектордың белсенді атсалысуы аса маңызды. Бурабайдағы экомаршруттың абаттандырылуы – бизнестің ұзақмерзімді, әлеуметтік маңызды бастамаларға инвестиция сала алатындығының нақты үлгісі.



Бұл тек туристік инфрақұрылымды жақсартумен шектелмей, табиғатқа деген жауапкершілікті де қалыптастырады. Бизнестің мемлекетпен тиімді әріптестігі тұрақтылықты, қолжетімділік пен сапаны дамытуға ықпал етеді», – деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Даниел Сержанұлы.




Жобаға Home Credit Bank қаржы бөліп, «Бурабай» ұлттық паркі және Ақмола облысы әкімдігінің туризм басқармасымен серіктестікте жүзеге асырды. Бұл бастама банктің Қазақстандағы қызметінің 20 жылдығына арналған ауқымды бағдарламаның бір бөлігіне айналды.


 

«Бұл жоба біз үшін тек абаттандыру ғана емес. Біз адамдарда заманауи, қауіпсіз әрі әдемі демалыс орны болуын қаладық. Отбасылар бірге серуендеп, Бөлектаудың бірегей табиғаты туралы жаңа дүниелерді танып-білуіне мүмкіндік жасап, табиғатқа қамқорлықты да көрсеткіміз келді. Біз қазақстандық туризм үшін осындай маңызды істе күш пен қаражат салғанымызды мақтанамыз. Біздің командамыз бен серіктестеріміз сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен жасаған экомаршрутқа ұлттық саябақтың қонақтары ұқыптылықпен қарайды деп үміттенеміз», – деп өз пікірімен Home Credit Bank Басқарма төрағасы Кирил Бачваров бөлісті.


 

Бағыт бойында Бөлектаудың флорасы, фаунасы және аңыздары туралы ақпараттық стендтер орнатылған. Сонымен бірге қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі аудиогидті қолдануға қажетті QR-кодтар қарастырылған.


 

Ыңғайлы жолды абаттандыру кезінде экологиялық таза материалдарға ерекше мән берілді. Орталық стенд күн сәулесі түскен кезде ауаны тазартатын инновациялық фотокаталитикалық жабынмен жасалған.


 

Жаяу жүретін туристер үшін экологиялық жолдың ашылуы Ақмола облысы үшін үлкен маңызға ие.


 

Алғашқы келушілер бұл маршруттан өтіп, аудиогидті сынап көріп, квест тапсырмаларын бағалауға мүмкіндік алды.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.