03.11.2025
23:02:35
ru
kz

Бурабай ұлттық паркінде 7 шолу алаңы ашылды

Қазақстан жаңалықтары
03.11.2025
14:20
Бурабай ұлттық паркінде 7 шолу алаңы ашылды

"Бурабай" паркі аумағында туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ауқымды жоба аяқталды, деп хабарлайды Travelpress.kz.


Оның аясында табиғи тепе-теңдікті сақтай отырып, демалушыларға жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.


 

Саябақ аумағында табиғи ландшафтқа үйлесімді 7 шолу алаңы ашылды. Мұнда саяхатшылар тау мен көлдердің әсем көрінісін тамашалай алады.


 

Жобаның басты мақсаты –  демалудың экологиялық тәсілін қамтамасыз ету. Қазіргі заманғы баспалдақтар, алаңдар мен демалыс аймақтары өсімдіктердің тапталуы мен топырақтың тозуының алдын алады.


 

Әрбір шолу алаңының өзіндік ерекшелігі мен көрініс бұрышы бар:


 

«Аютас» жартасы – «Құмай тазы» мүсіні, баспалдақтар, ақпараттық тақталар және пейзажды тамашалауға арналған түтігі бар шолу алаңы «Кебістас» (Туфелька) жартасы – орындықтары мен от жағуға арналған алаңы бар, орман мен көл жағалауының ерекше көрінісін ашатын орын «Бөлектау» тауы – бүркіт бейнесіндегі арт-нысаны бар орталық алаң, мұнда баспалдақтар, әткеншектер және шолу түтіктері орнатылған «Махаббат алаңы» – жұмсақ ландшафтық дизайнымен ерекшеленетін, фотосессияларға арналған романтикалық орын «Мойнақ жартасы» – белсенді демалыс аймағы. Мұнда арқан паркі мен демалуға арналған орындықтар бар «Максимка» жартасы – үш көпірмен жалғасқан шолу алаңы, мүсіндер мен пикникке арналған аймақтар бар «Иманай бұлағы» – баспалдақтар, орындықтар және табиғатты шолуға арналған телескоп орнатылған шағын алаң.


 

Атап өткен жөн, 2025–2029 жылдарға арналған «Бурабай» курортты өңірін дамыту жөніндегі кешенді жоспар өңірдің туристік, көлік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.