19.09.2024
21:50:59
ru
kz

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуіне байланысты Air Astana-ның ұшу кестесі өзгерді

Қазақстан жаңалықтары
16.02.2024
13:02
Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуіне байланысты Air Astana-ның ұшу кестесі өзгерді
Air Astana әуекомпаниясы 2024 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуіне көшуіне байланысты рейстер кестесін түзетті, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Өзгерістер 1-31 наурыз аралығында Алматы, Астана, Шымкент, Өскемен және Қостанай бағыттары бойынша жоспарланған ұшуларға қатысты. Рейстері өзгеріске ұшырайтын жолаушыларға өзгертілген ұшу уақыты туралы SMS-хабарламалар мен брондау кезінде қалдырған электрондық пошталарына хаттар жіберіледі.
 
Сәуір мен қазан айлары аралығындағы рейстердің кестесі 1 наурызда автоматты түрде өзгертіледі және бұл туралы да жолаушылар хабардар етіледі.
 
Air Astana әуекомпанияның ресми сайтында немесе қосымшасында рейстің ағымдағы мәртебесін тексеруді ұсынады. Авиабилетті ауыстыру немесе қайтару үшін (тариф ережелеріне сәйкес) сатып алған жері бойынша хабарласу қажет.
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.