Бұл туралы Б.М.Құстодиев атындағы халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі мәлім етті.
Lada.kz сайтының жазуынша, Ақтау әуежайы арқылы Қазақстан қалаларына (Алматы, Астана, Ақтөбе, Атырау, Орал, Шымкент, Көкшетау) және басқа елдерге (Лондон, Тбилиси, Кутаиси, Ереван, Ыстамбұл, Баку) ұшуға болады.
"2024 жылдың 30 наурызына дейін яғни күзгі-қысқы маусымның соңына дейін, рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері ұшады. Ал 2024 жылдың мамыр айының соңында рейстерді орындау кестесі өзгереді. Авиатасымалдаушының ұшақтары Ақтауға жұма және жексенбі күндері ұшады. Жаздың басынан көктем-жазғы маусымның соңына дейін ұшу жиілігі аптасына үш рет, яғни сейсенбі, жұма және жексенбі болады. 50 орындық Bombardier CRJ-200 әуе кемелері іске қосылды. Бір бағытта жүру уақыты 50 минутты құрайды", - делінген хабарламада.