Бүгін Қазақстанның бас қаласынан Тәжікстанның Душанбе қаласына қатынайтын Somon Air әуекомпаниясының алғашқы рейсін Астана халықаралық әуежайында салтанатты түрде қарсы алып, шағарып салды, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлім етті.
Салтанатты шараға ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Томпиева С.Е., сондай-ақ елорда әуежайының басшылығы мен Somon Air авиакомпаниясының өкілдері қатысты. Іс-шараның басты қонақтары жаңа рейс екі елді байланыстыратынына және көптеген жолаушылар үшін саяхатты жеңілдететін тамаша мүмкіндік екендігіне сенім білдірді.
Астанадан Душанбеге тұрақты рейстер 2 сәуірден бастап, аптасына бір рет, ал 19 сәуірден бастап – Boeing 737/800/900 типті ұшағымен аптасына екі рет орындалатын болады. Борт 184 жолаушыға дейін тасымалдай алады.
Жаңа рейстің ашылуы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы әуе қатынасын дамытуға және екі ел арасындағы достық қатынастарды нығайтуға ықпал ететін болады.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.