03.06.2025
00:55:40
ru
kz

Астана әуежайының бизнес-залы уақытша жабылады

Қазақстан жаңалықтары
08.02.2024
13:30
Астана әуежайының бизнес-залы уақытша жабылады
2024 жылғы 10 ақпаннан бастап Астана Халықаралық әуежайының ішкі рейстер терминалындағы «Шаңырақ» бизнес-залы күрделі жөндеуге байланысты уақытша қолжетімсіз болады, деп хабарлады Travelpress.kz.

Бұл туралы Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Жөндеу жұмыстары алты айға созылады. Оның барысында залдың интерьері мен жабдығы жаңартылып, жолаушылардың жайлы демалуы үшін залдың ыңғайлылық деңгейі арттырылады.
 
Air Astana уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жаңартылған бизнеc зал ашылғанға дейін шыдамдылық танытқандарыңыз үшін ризашылығын білдіреді.
 
Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.